Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Петропавлдағы Брусиловский көшесін жөндеу жұмысы аяқталып қалды

Петропавлдағы Брусиловский көшесін жөндеу жұмысы аяқталып қалды

Облыс орталығындағы Брусиловский көшесін жөндеу жұмыстары аяқталып қалды. Бұл туралы қала әкімінің орынбасары Әділбек Әубәкіров Фейсбук парақшасында жазды, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

Сондай-ақ жөндеу жұмыстары кезінде Бірінші гимназия жанында автотұрақ жасалды. Оны оқушылардың ата-аналары армандаған болатын. Және көшенің Астана көшесімен қиылысатын тұсы кеңейтілді.

Қала әкімінің орынбасары атап өткендей, келесі кезеңде көше бойындағы жаяу жүргіншілерге арналған жолдар жартылай жаңартылады.

 

 

 

Shares