Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Петропавлдағы су торабының жақтауына жүк көлігі соғылды

Петропавлдағы су торабының жақтауына жүк көлігі соғылды

15 қыркүйек сағат 10:59-да Петропавл қаласы полиция басқармасының “102” жедел арнасына Есіл өзеніндегі су торабында “КамАЗ” автокөлігінің қатысуымен жол-көлік оқиғасы орын алғаны туралы хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

Алдын ала келіп түскен мәлімет бойынша, “КамАЗ” жүк көлігінің 24 жастағы жүргізушісі көлік тізгініне ие бола алмай темір қоршауға соғылған. Жол-көлік оқиғасы нәтижесінде ешкім зардап шекпеді.

Алдын ала берілген ақпарат бойынша, жүргізуші мас емес. Аталған факті бойынша ҚР ӘҚБтК 610-бабының 1-бөлігі “Көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң жол жүрісі қағидаларын көлiк құралдарының немесе өзге де мүлiктiң бүлінуіне алып келген бұзушылығы” бойынша хаттама толтырылды.

 

 

Shares