Православие христиандары Масленицаны тойлай бастады
Масленица – ауыз бекіту кезеңі алдындағы көңілді мереке. Бұл мерекенің нақты белгіленген күндері жоқ. Дата жыл сайын уақыты өзгеретін Постқа байланысты белгіленеді, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі Nur.kz. ұйымына сілтеме жасап.
2024 жылы Пасха 5 мамырға келеді. Бұған байланысты халық 18 наурыздан 4 мамырға дейін ауыз бекітеді. Маңызды кезең қарсаңында Масленица апталығы болады
Халық күнтізбесінде Масленица – қыс пен көктем арасындағы шекара. Православие христиандары арасында бұл – шіркеу мойындаған жалғыз ежелгі мереке. Ол туралы алғашқы деректер XVI ғасырға жатады.
Масленица апталығы халықтық дәстүрде екі тармаққа бөлінеді: алғашқы үш күн — Тар Масленица (шаруашылық жұмыстары аяқталып, мерекеге дайындық жүргізіледі); келесі 4 күн — Мерекелер басталған кездегі Кең Масленица.
Аптаның әр күні ерекше мазмұнға ие:
- Дүйсенбі (11 наурыз) кездесулерге арналады. Туыстар кездесіп, қалай тойланатынын талқылайды. Бұл күні, әдетте, Масленицаның сабан қуыршағы әзірленеді.
- Сейсенбі (12 наурыз) — ойын-сауық, қалыңдық таңдау күні.
- Сәрсенбі (13 наурыз) — күйеу баласы қайын енесіне құймақ жеу үшін барады.
- Бейсенбі (14 наурыз) – Кең Масленица думаны басталады. Бұл күні халық далаға шығады, атқа мінеді, жұдырықтасу, түрлі жарыстар болады. От жағылады, жалыннан халық секіреді, арнайы Масленица әндерін айтады. Күн шулы шаралармен аяқталады.
- Жұма (15 наурыз) – қайын енеге арналған кеш. Қайын ененің күйеу баласына қонаққа баратын уақыты келеді.
- Сенбі (16 наурыз) – қайынсіңілінің отырысы. Бұл күні күйеуінің туыстары жас келінге қонаққа келеді.
- Жексенбі (17 наурыз) — қоштасу. Бұл – Масленицаның ең маңызды күні: сабаннан жасалған қуыршақ көпшілік алдында өрттенеді.
Бұл сәтте күл егістіктердің үстіне шашырайды. Осы арқылы жылы көктем шақырылады.
Халық дәстүрлерінің білгірі, этнограф-ғалым Сергей Максимов Масленицаны көңілді шаралармен және мол тағамдармен ұзақ уақыт қоштасу белгісі әрі ауыз бекітуге дайындық деп біледі. Масленицаның соңғы күні, жексенбіде, барлық реніштерді кешіріп, ауыз бекіту кезеңіне іштей дайындалу керек.
Ауыз бекітер алдындағы апта бойы, яғни 17 наурызға дейін қызық жалғасады. Бұл мағыналы күн – Кешірілген жексенбі. Ол барлық туыс пен жақыннан ренішті кешіру ұғымымен сипатталады