Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Пробация қызметкерлері сотталғандарға қоғамға бейімделуге көмектесуде

Пробация қызметкерлері сотталғандарға қоғамға бейімделуге көмектесуде

Жұмысқа орналасуға жәрдемдесу, психологиялық сүйемелдеуді қамтамасыз ету, ҚР заңнамасында белгіленген жеңілдіктер мен әлеуметтік төлемдерді алу – Петропавл пробация бөлімінің қызметкерлері сотталғандармен кездесті, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

Кездесу барысында сотталған контингент арасындағы өмір сүруді жақсартудың әртүрлі тәсілдері талқыланды. Петропавл пробация қызметі бөлімінің есебінде барлығы 315 сотталушы тұр. Бас бостандығы шектелген – 229 адам, шартты жазасын өтеуші – 22, қоғамдық және түзеу жұмыстарына – 8 адам, сонымен қатар, тағы басқалары бар.

“Әрбір сотталған адамның тікелей инспекторы болады, ол сотталған адамның мінез – құлқын бақылауды жүзеге асырады, қоғамға бейімделуге көмектеседі, әлеуметтік-құқықтық көмекті жүзеге асырады. Петропавлдағы пробация қызметінің сотталғандарына әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету және қайта әлеуметтендіру мақсатында 2023 жылға арналған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында қалалық бюджеттен 1 млн. теңге бөлінді”, – деп толықтырды ведомствода.

Конкурс қорытындысы бойынша “Қазақстан болашағы үшін” қоғамдық студенттік бірлестігімен шарт жасалды. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде 16 тамыздан бастап жеке басын куәландыратын құжатты қалпына келтіруге көмек көрсету бойынша жұмыс басталды, ағымдағы кезеңде 10 сотталушы құжаттарды қалпына келтірді.

Пробация қызметі жұмысындағы басты басымдық пен жетістік сотталушыға қылмыс жасамай, заң шеңберінде лайықты өмір сүре алатынын көрсету және дәлелдеу болып табылады.

 

 

Shares