Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Қарды бірге тазалайық: Петропавлда еріктілер зейнеткерлерге көмек көрсетуде

Қарды бірге тазалайық: Петропавлда еріктілер зейнеткерлерге көмек көрсетуде

Қоғамдық даму және ақпарат орталығының мамандары, «Birgemiz» еріктілер фронт-кеңсесінің мүшелері, сондай-ақ М. Қозыбаев атындағы СҚУ студенттері жалғыз тұратын зейнеткердің ауласын қардан тазалауға көмектесті, деп хабарлайды QZ News.

«Су тасқынының алдын алу кезеңінде мұндай акцияларды өткізу – аса маңызды және игі бастама. Қардың жиналып қалуы қарт адамдар үшін қиындық туғызып қана қоймай, денсаулықтарына қауіп төндіруі мүмкін. Сондықтан мұндай іс-шаралар шынайы жанашырлық пен ынтымақтастықтың көрінісі», – дейді СҚО ЖРО өкілдері.

Бұл акция тек физикалық қиындықтарды жеңуге көмектесіп қана қоймай, бір-бірімізге қолдау көрсетудің маңыздылығын да айқындайды.

Мұндай шараларға жастардың белсенді қатысуы азаматтық ұстанымның және әлеуметтік жауапкершіліктің жоғары екенін көрсетеді.

«Бұл жай ғана қар тазалау емес, көмекке мұқтаж жандарға жанашырлық таныту мүмкіндігі. Мұндай бастамалардың мәдениетіміздің бір бөлігіне айналып, адамдарды игі істерге шабыттандырғаны маңызды», – дейді СҚО ЖРО өкілдері.

Shares