Қазақстанда «Черная пятница» басталды
Биыл «Черная пятница» 29 қарашаға сәйкес келді. Қазақстанда жаһандық танымал сатылым 2010 жылдардың басында пайда бола бастады. Бұл күні дүкендер мен онлайн платформалар өз тұтынушыларына электроника, киім, тұрмыстық техника және басқа да көптеген тауарларға түрлі акциялар мен жеңілдіктер ұсынады, деп хабарлайды QZ News тілшісі.
Жұма күні тауарларды жеңілдікпен сатуды ұйымдастыру дәстүрі, Алғыс айту күнінен кейін, 20-шы ғасырдың басында АҚШ пайда болды. 1920 жылдары американдық дүкендер Рождестволық мерекелер алдында сатуды айтарлықтай арттыру үшін осы күні жеңілдіктер ұсына бастады.
Айта кету керек, Kaspi Жұма Қазақстан азаматтарының сауда орындарын аралауға деген құлшынысын арттырып отыр, Бұл күні ең белсенді сауда орындары жеңілдіктер ұсынады.Отандық дүкендер арасында бұл акция жыл сайын ірі электроника сауда нүктелерінде ұйымдастырылып тұрады. Олар өз клиенттеріне каскадты жеңілдіктер, кэшбэк және бөліп төлеуді ұсынады. Қазақстанда ұсынылған кейбір онлайн киім брендтері «Черная пятница» ескі топтамаларды арзанырақ бағамен сатуға тырысады.
Желілік алаяқтар жыл сайынғы сатылымды өз мақсаттары үшін пайдаланады. Мысалы, көршілес Ресейде бұл акция және қараша айында өтетін басқа да жеңілдетілген сатылымдар кезінде алаяқтар Telegram-да фейктерді пайдаланып алдау схемаларын күшейтті. Алаяқтар пайдаланушылар мен арналардың аккаунттарын бұзып, жалған бейнелер мен аудио арқылы қаіпті сілтемелер жіберіп, оларды тауар сатып алуға шақырады. Тағы бір танымал алдау схемасы әлеуметтік желілерде және танымал дүкендер мен брендтердің жедел хабарламаларында жалған парақтарды жасауды қамтиды. Сондықтан, онлайн және офлайн режимінде сатып алу кезінде абай болу және асықпау өте маңызды.
Кейбір қазақстандықтардың бұл акцияға көңілі толмайды. Өткен жылы Қостанай облысының тұрғындары ауқымды акциядан бас тарту туралы бастама көтерген болатын. Олар ҚР Президентіне үндеу жазған.