Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » ҚО полицейлері бір қап атыс патрондарын тәркәледі

ҚО полицейлері бір қап атыс патрондарын тәркәледі

Ұрлық жасағаны үшін жазасын өтеп жатқан Петропавл тұрғыны атыс патрондарын заңсыз сақтағанын мойындады, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

Оның жауабы бойынша петропавлдық полицейлер қаладағы саяжай учаскелерінің бірінің маңынан қапқа салынған ішіне оқ-дәрі толтырылған бес литрлік бөтелкені іздеп тапты. Иір ұңғылы қаруға арналған 5,45 мм калибрлі 659 патрон тәркіленді. Сарапшылардың қорытындысына сәйкес олар атуға жарамды екені анықталды. Бұл факті ҚР Қылмыстық кодексінің 287-бабының 3-бөлігі бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді.

“ҚР ҚК 287-бабына сәйкес, заңсыз сақталған қару мен оқ-дәрілерді ерікті түрде тапсырған тұлға, егер әрекетінде қылмыстың белгілері болмаса заң алдындағы жауапкершіліктен босатылады. Қазіргі уақытта істің барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жүргізілуде”, – дейді Петропавл қалалық ПБ Бірінші полиция бөлімінің бастығы полиция подполковнигі Тілеген Әлжанов.

 

 

Shares