Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Қоғам белсенділері жатақханаларды тексеруде

Қоғам белсенділері жатақханаларды тексеруде

Солтүстік Қазақстан облысында 19 оқу орнына қарасты 22 жатақхана бар: 3 жатақхана М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетіне тиесілі. Қалғаны қала мен аудандардағы колледждерде, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

Тексеру жұмыстары Солтүстік Қазақстан кәсіптік педагогикалық колледжінің жатақханасынан басталды. Ол 1989 жылы салынған. Жобалық сыйымдылығы – 215 адам. Мұндағы тұру деңгейіне келген көпшілік 5 ұпайдың 4-ін берді. Колледжге қосымша төсек орындар қажет.

Студенттер ай сайын бір орынға 7 мың теңге төлейді. Ал жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар жатақханада тегін тұрады. Ғимарат өрт дабылдарымен және бейнебақылау камераларымен жабдықталған. Мекемеге кіру арнайы билет арқылы жүзеге асырылады. Колледж басшылығына жатақхананың кіреберісіне турникет орнату туралы ұсыныс берілді.

 

Shares