Петропавловск
+C
Главная страница » Жаңалықтар » Сергеев су қоймасында судың бөгеттен тасу деңгейі 145 см-ді құрады

Сергеев су қоймасында судың бөгеттен тасу деңгейі 145 см-ді құрады

14 сәуір күні сағат 16:00-дегі мәлімет бойынша Сергеев су қоймасында бөгеттен судың тасу деңгейі 145 см-ді құрайды, деп хабарлайды QZ News.

«Қазгидромет» РМК СҚОФ мәліметінше, су торабының толу көрсеткіші – 126 %. Су қоймасының көлемі – 873 миллион текше метр. Су деңгейі – 945 см.

Петропавл су торабында су деңгейі 903 см-ді құрайды. Облыс орталығында су тасқынының екінші толқынының шарықтау шегі 15-16 сәуір күндері күтілуде.

Shares