Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Швейцариялық «Stadler» компаниясы «ПАМЖЗ»-ға қызығушылық танытып отыр

Швейцариялық «Stadler» компаниясы «ПАМЖЗ»-ға қызығушылық танытып отыр

Швейцариялық Stadler компаниясының өкілдері Петропавл ауыр машина жасау зауытында болды, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

«Stadler» – аймақтық пойыздар мен трамвайларға бағытталған жылжымалы құрамның швейцариялық өндірушісі. Ол 1942 жылдан бері нарықта жұмыс істеуде. Компанияның өнімі әлемнің 45 елінде қолданылады.

Компания зауытқа Астанада өткен халықаралық машина жасау көрмесінде қызығушылық танытты, содан кейін өндірістік цехтармен, өнеркәсіптік қуаттылықпен және жаңа станоктармен танысу үшін өз өкілдерін кәсіпорынға жіберді. Бәлкім, бұл шетелдіктердің өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі дамыту жолында жасаған алғашқы қадамы болар.

 

 

 

 

 

Shares