Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Солтүстік Қазақстан облысында балық шаруашылығы дамымақ

Солтүстік Қазақстан облысында балық шаруашылығы дамымақ

Солтүстік Қазақстан облысының Кәсіпкерлер палатасында «Кәсіпке бағыт» жобасы аясында «Балық шаруашылығы»  бойынша кезекті салалық оқыту басталды. Тегін курсқа облыстың 30-дан астам кәсіпкері қатысуда, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

Оқуды «Петрофорел» балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС жүргізеді. Курстың ұзақтығы – 5 күн, оның екі күні теорияға және үш күні тәжірибеге арналады. Тәжірибелік сабақтар Петропавл балық өсіру питомнигінде және облыстағы балық шаруашылықтарының су қоймаларында өтеді. Бұл хоббиді пайдалы кәсіпке айналдырудың тамаша мүмкіндігі, деп атап өтті палата өкілдері. Айтпақшы, осы курстан кейін Кәсіпкерлер палатасы туризм саласы бойынша мамандарды даярлауды қолға алмақшы.

 

Shares