Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ербол Хамитов пен Надежда Морозованың жетістіктері туралы: «Әлем аренасында жаңа белестер мен жарқын жеңістер тілеймін»

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ербол Хамитов пен Надежда Морозованың жетістіктері туралы: «Әлем аренасында жаңа белестер мен жарқын жеңістер тілеймін»

Облыс әкімі Гауез Нұрмұхамбетов солтүстікқазақстандық спортшыларды жаңа жетістіктерімен құттықтады. Бұл туралы ол өзінің Telegram-арнасында жазды, деп хабарлайды QZ News.

«Солтүстікқазақстандық спортшыларымыз жанкүйерлерді қысқы спорт түрлеріндегі жетістіктерімен қуантып жатыр. Параатлет Ербол Хамитов Словенияда өткен парабиатлоннан әлем чемпионы атанды, сондай-ақ ерлер арасындағы спринтінде 3 орын алды. Оған қоса, Ербол Әлем кубогының қола жүлдегері және парашаңғы жарысынан Сонымен қатар, ол парашаңғы жарысынан әлем чемпионы. Бұл жеңістер – оның тынымсыз еңбегі мен жоғары кәсібилігінің жемісі. Ербол – батылдық пен жігердің үлгісі», – деп жазды СҚО әкімі.

Қысқы Азия ойындарында конькимен жүгіру шебері Надежда Морозова жақсы нәтиже көрсетті. Ол командалық спринтте қола жүлдегер атанды. Надежда – атақты спортшы, төрт құрлықтың чемпионы, қысқы Олимпиада ойындарының қатысушысы. Жеңімпаз спортшыларымыз бен олардың бапкерлерін лайықты жетістіктерімен құттықтаймын! Оларға әлемдік аренада жаңа белестер мен жарқын жеңістер тілеймін”-деп жазды Ғауез Нұрмұхамбетов әлеуметтік желідегі парақшасында.

Shares