Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » СҚО-да абоненттік нөмірді тіркемегені үшін ұялы байланыс операторы әкімшілік жауапкершілікке тартылды

СҚО-да абоненттік нөмірді тіркемегені үшін ұялы байланыс операторы әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Интернет-алаяқтық көбінесе қашықтан, ұялы байланыс операторлары қызмет көрсететін тіркелмеген абоненттік нөмірлер арқылы жасалады. Осылайша, алаяқ Қазақстанның нөмірлеу жүйесіне сәйкес келетін, бірақ ұялы байланыс абоненттік құрылғыларының сәйкестендіру кодтары дерекқорына енгізілмеген тіркелмеген абоненттік нөмір арқылы жәбірленушімен байланысқа шыққан. Бұл туралы СҚО прокуратурасы хабарлады, деп жазады QZ News.

«Абоненттік нөмірдің тіркелмегені туралы дерек ұялы байланыс операторынан алынған сұрау жауабы және дерекқордағы мәліметтермен расталады. Ұялы байланыс операторының әрекетсіздігі жәбірленушінің ақшалай қаражатының ұрлануына ықпал етті. Облыс прокуратурасы байланыс қызметтерін көрсету қағидаларын бұзғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 637-бабы 1-бөлігінің 17-тармағына сәйкес ұялы байланыс операторына қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасады. Осы материалды қарау қорытындысы бойынша, ұялы байланыс операторы әкімшілік жауапкершілікке тартылды», – деп хабарлады СҚО прокуратурасы.

Shares