Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » СҚО-да Есіл Су филиалының желілері жаңғыртылуда

СҚО-да Есіл Су филиалының желілері жаңғыртылуда

Апаттар саны артуы, ауыз судың сапасыздығы. «Есіл су» филиалының құбырлары жаңғыртылғаннан кейін бұл мәселелер өткеннің еншісінде қалады. Биыл Водопроводное ауылындағы Булаев өндірістік учаскесінде құбырларды ауыстыру жұмыстары басталды. Іске 300 миллион теңгеден астам қаржы бөлінді, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

Қызылжар ауданы Водопроводное ауылында орналасқан Булаев өндірістік орны облыстың 6 ауданын ауыз сумен қамтамасыз етіп отыр. Желілердің тозуы шамамен 60% құрайды. Биылдың өзінде мұнда 500-ден астам апат орын алды. Қиындықтардан құтылу үшін жаңа құбырлар салу ісі басталды. Ауқымды іске 300 миллион теңгеден астам қаржы бөлінді.

«Қазір біз оңтүстік су құбырын қайта жаңғыртудамыз. Ол жерде 5,1 шақырым 400 көлемдік құбырды ауыстыруды жоспарлап отырмыз. Ескі құбыр 2009 жылы салынған. Одан жиі су ағады, сондықтан оны ауыстыру туралы шешім қабылданды. Сондай-ақ, биыл «Красная Горка – Бескөл» деп аталатын су құбырын ауыстырып жатырмыз. Оның ұзындығы – шамамен 4 шақырым. Қазірдің өзінде 600 метр жаңартылды. Ауа райы қолайлы болса, қалған жұмыстарды 2 аптада бітіреміз. Сондай-ақ электр қуатын үнемдеуге және тұтынушыларды сумен қамтамасыз етуді жақсартуға көмектесетін қосымша сорғылар сатып алдық», – дейді Булаев өндірістік учаскесінің басшысы Қайырбек Қашықпаев.

«Красная Горка – Бескөл»құбырын ауыстыру аса қажет болды. Өйткені ескісі іске жарамсыз күйге түсті, жиі ақау орын алды. Оны ауыстыру 50 жыл бойы тұтынушыларға берілетін судың сапасын жақсартады. Мамандар дәл осыған кепілдік беріп отыр.

Shares