Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » СҚО-да полиция қызметкерлері 1 кг-дан астам “синтетикалық” есірткі тәркіледі

СҚО-да полиция қызметкерлері 1 кг-дан астам “синтетикалық” есірткі тәркіледі

СҚО полициясы есірткі тұтынатын орындарды тексеруді жалғастыруда. Жедел-профилактикалық іс-шара аясында түнгі клубтар, жалға алынған пәтерлер мен басқа да мекенжайлар тексерілді, деп хабарлайды QZ News.

Сонымен қатар тексеру «Оңтүстік» бақылау-өткізу пунктінде де жүргізілуде. Арнайы назарда жүк көліктері мен қалааралық такси жүргізушілері болды. Полиция қызметкерлері қызметтік-іздестіру иттерімен бірге жолдардағы көліктерді тексерді.

Жедел-профилактикалық іс-шаралар барысында полиция 12 қылмысты тоқтатып, оның ішінде 2 есірткі сатумен байланысты фактілерді анықтап, заңсыз айналымнан 1 кг 581 г есірткі құралын, соның ішінде 1 кг 95 г синтетикалық есірткілерді тәркіледі.

Shares