СҚО-да республикалық маңызға ие жолдардың екі учаскесі жабылды
Екпінді жел мен қатты жаңбыр салдарынан еліміздің 3 өңіріндегі 8 жол учаскесінде жол қозғалысына шектеу енгізілді. Бұл жайлы “Қазавтожол” баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады QZ Media тілшісі.
Көліктің барлық түрлері үшін қозғалыс шектеулері мына жолдарда қолданылады:
Ақмола облысында:
- “Қостанай-Әулиекөл-Сұрған” күре жолының Қостанай облысының шекарасынан Сұрған ауылына дейін;
- “Жақсы-Есіл-Бұзылық” жолының Жақсы ауылы мен Бұзылық ауылы арасы;
- “Жезқазған-Петропавл” күре жолының СҚО шекарасынан Қостанай облысының шекарасына дейін;
- “Екатеринбург-Алматы” тасжолының СҚО шекарасынан Атбасар қаласына дейінгі аралығында;
Солтүстік Қазақстан облысында:
- “Жезқазған-Петропавл” күре жолының Ақмола облысының шекарасынан Дружбинское ауылына дейін;
- “Екатеринбург-Алматы” күре жолының Чистополье ауылынан Ақмола облысының шекарасына дейінгі аралықта;
Қостанай облысында:
- “Қостанай-Әулиекөл-Сұрған” күре жолының Әулиекөл ауылынан Ақмола облысының шекарасына дейін;
- “Жезқазған-Петропавл” тасжолының Арқалық қаласы мен Ақмола облысының шекарасына дейінгі аралығында жол жабық.
“Қазавтожол” мамандарының хабарлауынша, республикалық маңызға ие жолдарда 170 арнайы техника мен 240 маман жұмыс атқарып жатыр.