Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » СҚО-да республикалық маңызға ие жолдардың екі учаскесі жабылды

СҚО-да республикалық маңызға ие жолдардың екі учаскесі жабылды

Екпінді жел мен қатты жаңбыр салдарынан еліміздің 3 өңіріндегі 8 жол учаскесінде жол қозғалысына шектеу енгізілді. Бұл жайлы “Қазавтожол” баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады QZ Media тілшісі.

Көліктің барлық түрлері үшін қозғалыс шектеулері мына жолдарда қолданылады:

Ақмола облысында:

  • “Қостанай-Әулиекөл-Сұрған” күре жолының Қостанай облысының шекарасынан Сұрған ауылына дейін;
  • “Жақсы-Есіл-Бұзылық” жолының Жақсы ауылы мен Бұзылық ауылы арасы;
  • “Жезқазған-Петропавл” күре жолының СҚО шекарасынан Қостанай облысының шекарасына дейін;
  • “Екатеринбург-Алматы” тасжолының СҚО шекарасынан Атбасар қаласына дейінгі аралығында;

Солтүстік Қазақстан облысында:

  • “Жезқазған-Петропавл” күре жолының Ақмола облысының шекарасынан Дружбинское ауылына дейін;
  • “Екатеринбург-Алматы” күре жолының Чистополье ауылынан Ақмола облысының шекарасына дейінгі аралықта;

Қостанай облысында:

  • “Қостанай-Әулиекөл-Сұрған” күре жолының Әулиекөл ауылынан Ақмола облысының шекарасына дейін;
  • “Жезқазған-Петропавл” тасжолының Арқалық қаласы мен Ақмола облысының шекарасына дейінгі аралығында жол жабық.

“Қазавтожол” мамандарының хабарлауынша, республикалық маңызға ие жолдарда 170 арнайы техника мен 240 маман жұмыс атқарып жатыр.

 

 

Shares