Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » СҚО-да Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысы тағайындалды

СҚО-да Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысы тағайындалды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы болып Асхат Джакипбеков тағайындалды, деп хабарлайды QZ Media.

Асхат Саттарханұлы Джакипбеков 1978 жылы туған. Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін, Ресей Федерациясы Бас прокуратурасының академиясын тәмамдаған, юриспруденция магистрі. Еңбек жолын 1999 жылы ішкі істер органдарында бастаған. 2001-2021 жылдар аралығында прокуратура органдарында түрлі лауазымдарда, оның ішінде басшылық қызметтерде болды. 2021 жылдан бастап Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінде жұмыс істейді.

Shares