Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » СҚО-да табиғат қорғау прокуроры тағындалды

СҚО-да табиғат қорғау прокуроры тағындалды

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бұйрығымен Солтүстік Қазақстан  облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокуроры тағайындалды. Бұл лауазымға аға әділет кеңесшісі Қорғанбаев Батыр тағайындалды, – деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

Қорғанбаев  прокуратура органдарындағы қызметін 2000 жылы Алматы облысы прокуратурасы жанындағы ҚСжАЕК статистиканы құрастыру бөлімінің прокуроры  лауазымынан бастаған.

2002 жылдан бастап 2022 жылдар аралығында Алматы, Оңтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарының прокуратураларында жұмыс істеген. 2022 жылдың қазанынан бастап Павлодар облысы прокуратурасының сотқа дейінгі тергеп-тексерудің заңдылығын қадағалау және қылмыстық қудалау басқармасының бастығы лауазымында болған.

Прокуратура органдарындағы еңбек өтілі 23 жылдан астам.

 

Shares