Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » СҚО-да жаңа тағайындау

СҚО-да жаңа тағайындау

ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің басшысы болып Қаблан Қамбарбеков тағайындалды, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

Қаблан Қамбарбеков Қ.Сәтбаев атындағы қазақ ұлттық техникалық университетін, Қарағанды экономикалық университетін, «Тұран-Астана» университетін тәмамдаған.

Ол әр жылдары ҚР Қаржы министрлігі  Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс комитетінде сарапшы, бас сарапшы, Астана қаласы бойынша Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс департаментінің бөлім басшысы, ҚР Қаржы министрлігінде бас сарапшы, ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінде бас сарапшы, ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Астана қаласындағы мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің бөлім басшысы, Астана қаласындағы мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті басшысының орынбасары қызметтерін атқарды. ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің басқармасының басшысы болды. Ал 2020 жылдан осы күнге дейін Ақтөбе облыстық мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті басшысы қызметін атқарды.

 

 

Shares