СҚО-да жүзеге асып жатқан 15 инвестжоба 3 мың жұмыс орнын құрады
Аймақта экономикалық өсімді және жаңа жұмыс орындарын құруға ықпал ететін инвестициялық жобалар жүзеге асуда. «Қызылжар» арнайы экономикалық аймағы инвестициялар тартудың орталығына айналды. Бүгінгі таңда АЭА-да 20 қатысушы тіркелген, жалпы инвестиция көлемі 305 миллиард теңгені құрап, 3,4 мың жаңа тұрақты жұмыс орны құрылмақ, деп хабарлайды QZ News.
Осы күнге дейін 28,5 миллиард теңгенің 5 жобасы іске асып, 715 жаңа жұмыс орны ашылды. Бүгінде 15 жоба жүзеге асуда, жалпы инвестиция көлемі 275 миллиард теңге, 3 мың жаңа жұмыс орны құрылмақ.
Ресейлік «Бейкертон» компаниясы кондитерлік өнімдер шығаратын зауытты салуда,, оның жалпы инвестициясы 37 миллиард теңгені құрап, 380 жұмыс орны ашылады.
Қытайлық инвестор тракторлар мен ауыл шаруашылығы техникаларын өндіретін жобаны жүзеге асырса, ал ресейлік инвестор көтергіш-транспорттық жабдықтар мен көпір крандарын шығаратын зауыттың құрылысын жалғастыруда.
«Ультрадекор» компаниясы ДСП, ЛДСП және ОСБ плиталарын шығаратын ағаш өңдеу кәсіпорнын салуды жоспарлап отыр. Бірінші кезеңде жобаның инвестициясы 70 млрд теңгені құрайды. Жоба ағаш өңдеу саласын дамытуға және жиһаз кластерін құруға негіз болмақ.
Отандық инвестор 11 миллиард теңгеге саңырауқұлақ фермасы