Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » СҚО-ның 14 жол учаскесінде қозғалыс шектелген

СҚО-ның 14 жол учаскесінде қозғалыс шектелген

Көктайғақ және ауа температурасының төмендеуіне байланысты дизельді қозғалтқыштармен жабдықталған автомобильдерге және рейстік автобустарға қозғалысты шектеу енгізілді. СҚО-ның 14 жол учаскесінде қозғалыс шектелген. Бұл туралы “Қазавтожол” АҚ хабарлады, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

Шектеу енгізілді:

  1. «Екатеринбург-Алматы» жолының 729-856 км. Қостанай облысы-Ақмола облысы.
  2. «Челябі-Новосібір» жолының 465-655 шақырым аралығы. РФ-Рф
  3. «Астана-Петропавл» жолының 341-473 шақырым аралығы, Ақмола облысы шекарасы – Бескөл ауылы.
  4. ⁠ «Петропавл-Соколовка-РФ шекарасы» жолының 11-72 шақырым аралығы, Ресей Федерациясы шекарасы – Петропавл қаласы.
  5. ⁠«Көкшетау-Кішкенекөл-Бидайық-РФ шекарасы» жолының 50-280 шақырым аралығы, Ақмола облысы шекарасы – Ресей Федерациясы шекарасы.
  6. ⁠«Жезқазған-Петропавл» жолының 595-946 шақырым аралығы, Ақмола облысы шекарасы – Бескөл ауылы
  7. ⁠«Мамлютка-Қостанай» жолының 0-180 шақырым аралығы, Қостанай облысы шекарасы – Мамлютка қаласы
  8. ⁠«Көкшетау-Рузаевка» жолының 61-196 шақырым аралығы, Ақмола облысы шекарасы – Рузаевка ауылы.
  9. ⁠Қарасай батыр мемориалды кешеніне апаратын жолдың 0-24 шақырымы. Саумалкөл-Мемориалды кешен
  10. ⁠«Петерфельд-Архангель-Новокаменка» жолының 0-30 шақырым аралығы.
  11. ⁠«Булаево-Возвышенка-Мологвардейское-Кирово-Қиялы-Рощинское» жолының 0-228 шақырым аралығы
  12. ⁠«Рощинское-Корнеевка-Волошинка» жолының 0-86 шақырым аралығы
  13. ⁠«Волошинка-Сергеевка-Тимирязево» жолының 0-119 шақырым аралығы, Волошинка ауылы – Тимирязево ауылы
  14. ⁠«Тимирязево-Сарыкөл-облыс шекарасы» жолының 0-31 км.

Қоса кетейік, республикалық маңызы бар автожолдарда 76 бірлік техника, 110 адам жұмыс істеуде. Көктайғаққа қарсы шамамен 319 м3 материал жұмсалған.

Shares