СҚО-ның 14 жол учаскесінде қозғалыс шектелген
Көктайғақ және ауа температурасының төмендеуіне байланысты дизельді қозғалтқыштармен жабдықталған автомобильдерге және рейстік автобустарға қозғалысты шектеу енгізілді. СҚО-ның 14 жол учаскесінде қозғалыс шектелген. Бұл туралы “Қазавтожол” АҚ хабарлады, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.
Шектеу енгізілді:
- «Екатеринбург-Алматы» жолының 729-856 км. Қостанай облысы-Ақмола облысы.
- «Челябі-Новосібір» жолының 465-655 шақырым аралығы. РФ-Рф
- «Астана-Петропавл» жолының 341-473 шақырым аралығы, Ақмола облысы шекарасы – Бескөл ауылы.
- «Петропавл-Соколовка-РФ шекарасы» жолының 11-72 шақырым аралығы, Ресей Федерациясы шекарасы – Петропавл қаласы.
- «Көкшетау-Кішкенекөл-Бидайық-РФ шекарасы» жолының 50-280 шақырым аралығы, Ақмола облысы шекарасы – Ресей Федерациясы шекарасы.
- «Жезқазған-Петропавл» жолының 595-946 шақырым аралығы, Ақмола облысы шекарасы – Бескөл ауылы
- «Мамлютка-Қостанай» жолының 0-180 шақырым аралығы, Қостанай облысы шекарасы – Мамлютка қаласы
- «Көкшетау-Рузаевка» жолының 61-196 шақырым аралығы, Ақмола облысы шекарасы – Рузаевка ауылы.
- Қарасай батыр мемориалды кешеніне апаратын жолдың 0-24 шақырымы. Саумалкөл-Мемориалды кешен
- «Петерфельд-Архангель-Новокаменка» жолының 0-30 шақырым аралығы.
- «Булаево-Возвышенка-Мологвардейское-Кирово-Қиялы-Рощинское» жолының 0-228 шақырым аралығы
- «Рощинское-Корнеевка-Волошинка» жолының 0-86 шақырым аралығы
- «Волошинка-Сергеевка-Тимирязево» жолының 0-119 шақырым аралығы, Волошинка ауылы – Тимирязево ауылы
- «Тимирязево-Сарыкөл-облыс шекарасы» жолының 0-31 км.
Қоса кетейік, республикалық маңызы бар автожолдарда 76 бірлік техника, 110 адам жұмыс істеуде. Көктайғаққа қарсы шамамен 319 м3 материал жұмсалған.