Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Тасқыннан зардап шеккен Ю.А. Гагарин атындағы №14 мектеп 1 қыркүйекте есігін айқара ашады

Тасқыннан зардап шеккен Ю.А. Гагарин атындағы №14 мектеп 1 қыркүйекте есігін айқара ашады

Ойқала ықшам ауданындағы Ю.А. Гагарин атындағы №14 мектеп тасқын кезінде айтарлықтай зардап шекті. Петропавл қаласының әкімі аталған білім ұясының болашағы жайлы жазды, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

Қала басшысының жазуынша,
қиын-қыстау шақта Ю.А. Гагарин атындағы №14 мектептің бірінші қабатын су басқан. Орын алған жайт көпшілікті алаңдатты.

“Техникалық тексеру жүргізілгені туралы бәріңіз білесіздер. Бастапқыда тексеру толық жүргізілмеді. Осыған байланысты мектеп жайлы, алдағы әрекеттер туралы нақты айту ертерек болды. Сондықтан мамандандырылған “Стадия” ЖШС бүкіл ғимаратқа аспаптық-техникалық тексеру жүргізді. Қорытындыға сәйкес – білім беру мекемесі одан әрі пайдалануға жарамды. 1 қабатты күрделі жөндеуге ЖСҚ әзірленді”, – деп жазды қала әкімі әлеуметтік желілердегі парақшаларында.

Қазір жөндеу жұмыстары қарқынды жүріп жатқаны да атап өтілді. Облыс әкімі жұмыс барысын тексерді. Оның тапсырмасы бойынша екінші және үшінші қабаттарда косметикалық жөндеу жүргізіледі. Ал 1 қыркүйекте мектеп оқушыларға есігін айқара ашады.

Shares