Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » «Тоқта. Қауіп!». СҚО ТЖД-нің қызметкерлері балаларға арнап қойылым ұйымдастырды

«Тоқта. Қауіп!». СҚО ТЖД-нің қызметкерлері балаларға арнап қойылым ұйымдастырды

15 қыркүйекте облыстық қуыршақ театрында «Тоқта. Қауіп!» спектаклінің тұсаукесері өтеді. Бұл қойылымды бас режиссер Лайко Г.Е. және қуыршақ театрының шығармашылық ұжымы Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастамасымен көрерменге ұсынбақ, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

Балалар үшін әртүрлі қауіптер бар. Ұл-қыздар абайсызда биіктіктен құлап кетуі немесе күйіп қалуы мүмкін, жол бойымен жүгіріп өту кезінде де келеңсіз жайттар орын алуы мүмкін. Ал негізгі қауіпсіздік ережелерін білсеңіз, өзіңізді көптеген қауіптерден аман сақтап қала аласыз. Спектакль осы туралы.

«Өкінішке қарай, балалардың қауіпсіздігіне байланысты жағдай жыл сайын шиеленісіп барады және кез келген адам жағымсыз жағдайға тап болуы мүмкін. Қауіптің алдын алу және келеңсіз жағдайларда балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – ересектердің ең маңызды міндеті. Сондықтан бәріміз бірігіп, балаға қауіпсіздік ережелерін үйретуіміз керек, мүмкін бұл оның өмірін сақтап қалар», – деп атап өтті құтқарушылар.

Shares