Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Ұлттық валютаға – 30 жыл!

Ұлттық валютаға – 30 жыл!

Биыл Ұлттық валютаға 30 жыл толып отыр. Теңге еліміздің басты рәміздерінің бірі болып табылады. Өз валютасын қолдану Қазақстанға экономиканы дамыту және әлемдік нарықтағы өз позициясын нығайту жолында алғашқы қадамдар жасауға мүмкіндік берді, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

Ұлттық валюта 1993 жылы 15 қарашада айналымға енгізілді. 12 сағат ішінде қазақстандық теңгеге монеталар мен банкноттарды айырбастау кезінде айналымнан 1961-1992 жылдар аралығында шығарылған 19,6 млрд рубль алынды.

Бүгінде облыста екінші деңгейдегі банктердің 11 филиалы, 43 құрылымдық бөлімшесі бар. Осы жылдың 9 айында несиелеу көлемі 303 млрд теңгеге жеткен.

Өңір экономикасын дамыту мақсатында, 2023 жылғы қаңтар-қыркүйекте кредиттеу сомасы 257,6 млрд теңгені құрады. Бұл жетістік Ұлттық Б

банктің үлкен командасының үйлесімді жұмысының нәтижесі болып табылады. Еңбек Ұлттық валюта күнін мерекелеуге сәйкес келетін қаржыгерлер күнінде салтанатты түрде атап өтіледі.

“Жоспарда банк саласының ардагерлерін құттықтау бар. Себебі, бұл – тарих. Теңге 30 жыл айналымда. Біз ардагерлерімізді марапаттаймыз, еңбек үшін алғыс айтамыз. Сондай-ақ, осы 30 жыл ішінде жұмыс істеген және өзін лайықты көрсеткен банк саласының қызметкерлерін құттықтаймыз”, – деп атап өтті “ҚР Ұлттық Банкі” РММ СҚОФ директоры Диас Мэлс.

 

 

 

 

Shares