Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » WorldSkills Kazakhstan – 2023 Ұлттық чемпионатында солтүстікқазақстандық жастар 2 алтын және 1 қола медаль жеңіп алды

WorldSkills Kazakhstan – 2023 Ұлттық чемпионатында солтүстікқазақстандық жастар 2 алтын және 1 қола медаль жеңіп алды

2023 жылдың 21-27 қараша аралығында Астанада жыл сайынғы WorldSkills Kazakhstan — 2023 Ұлттық чемпионаты өтті. Байқаудың мақсаты – жұмысшы мамандықтарының беделін арттыру және шеберлік дағдыларын дамыту, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

Оған еліміздің түкпір-түкпірінен 545 студент пен 510 сарапшы қатысты. Ал СҚО-дан конкурста 15 құзырет бойынша 8 колледж бақ сынады. Байқауға қатысушылар жалпы 30 құзыреттілік бойынша өз жұмыстарын ұсынды.

Бұл кірпіш қалау, құрылыс және сылақ, сантехника және жылыту жүйелері, графикалық дизайн, дәнекерлеу технологиясы, кондитерлік өнімдер және т.б. Біздің қатысушылар келесі құзыреттер бойынша 2 алтын, 1 қола және 8 медальон жеңіп алды:

Алтын медаль – “Графикалық дизайн” құзыретінде Виктория Шаболдасова (“Мағжан Жұмабаев атындағы жоғары колледж” КМҚК”)

Алтын медаль – “Электромонтаж” құзыретінде Иванов Борислав (“Солтүстік Қазақстан жоғары кәсіптік-педагогикалық колледжі” КМҚК)

Қола медаль – “Кірпіш қалау” құзыретінде Сергей Смирнов (“Жоғары құрылыс-экономикалық колледжі” КМҚК)

8 студент “Үздік маман” медальонының иегері атанды:

  • “СПББ станоктарындағы токарлық жұмыстар” – Шабанов Василий (“Бәйкен Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжі” КМҚК),
  • “Аспаздық іс” – Зенин Данил (“Жоғары құрылыс-экономикалық колледжі” КМҚК),
  • “Дәнекерлеу технологиялары” – Витковский Вадим (М. Жұмабаев ауданының “Кәсіптік даярлық және сервис колледжі” КММ),
  • “Веб-технологиялар” – Пухов Иван (“Мағжан Жұмабаев атындағы жоғары колледж” КМҚК),
  • “Желілік және жүйелік әкімшілендіру” – Лукьянов Кирилл (“Мағжан Жұмабаев атындағы жоғары колледж” КМҚК),
  • “Жеңіл автомобильдерді жөндеу және қызмет көрсету” – Семизоров Вадим (“Солтүстік Қазақстан жоғары кәсіптік-педагогикалық колледжі” КМҚК),
  • “Электроника” – Перепелцев Кирилл (“Гуманитарлық-техникалық колледжі” ҰБО),
  • “Шаштараз өнері” – Капустина Кристина (“Ескендір Даутов атындағы қызмет көрсету саласы колледжі” КММ).

Жеңімпаздар 2024 жылдың 10-15 қыркүйегі аралығында Францияның Лион қаласында өтетін WorldSkills халықаралық чемпионатына қатысады.

Shares