Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » 24 сәуір күні Сергеев қоймасының ернеуінен асқан судың деңгейі 337 см құрады

24 сәуір күні Сергеев қоймасының ернеуінен асқан судың деңгейі 337 см құрады

24 сәуір күні сағат 08:00-де Сергеев су қоймасының ернеуінен асқан судың деңгейі 337 см құрады, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

“Қазгидромет” СҚОФ хабарлағандай, су торабының толымдылығы – 164 %. Су қоймасының көлемі – 1139 млн текше метр. Су деңгейі – 1137 см.

Тәулігіне су деңгейінің өзгеруі – 19 см.

Сондай-ақ, Бабықбұрлық өзені – Гусаковка ауылы, Аққанбұрлық өзені – Ковыльное ауылы, Шарық өзені – Рузаевка ауылы, Аққанбұрлық өзені – Возвышенка ауылы, Мұқыр өзені – Мұқыр ауылы, Иманбұрлық өзені – Соколовка ауылы, Есіл өзені – Тоқсан би ауылы, Есіл өзені – Крещенка ауылы, Есіл өз – Сергеевка қаласы, Шағалалы өзені – Северное ауылы, Қамысақты өзені – Ясновка және Үлкен Тораңғұл өзені – Корнеевка ауылы маңында су деңгейінің төмендеуі байқалады.

Shares