Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » «‎MIRAS»‎ аймақтық кеңесінде мәдениет саласындағы мәселелер талқыланды

«‎MIRAS»‎ аймақтық кеңесінде мәдениет саласындағы мәселелер талқыланды

Петропавлда «Аманат» париясының СҚОФ «‎MIRAS»‎ аймақтық кеңесінің отырысы өтті. Оған қатысушылар мәдениет саласындағы өзекті мәселелерді талқылап, ұлттық өнер орталығын ашу туралы ұсыныс жасап, кадр тапшылығын талқылады, деп хабарлайды QZ News тілшісі партияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жиында өңірдегі мәдени ескерткіштердің жағдайы да талқыланды. Олардың кейбірінеерекше күтім қажет. Аймақтық кеңеске қатысушылар Ақжар ауданы әкімінің орынбасарының мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту бойынша атқарылып жатқан шаралар туралы есебін тыңдады.

Жиын облыстық шығармашылық байқаудың жеңімпаздарын марапаттаумен аяқталды.

 

Shares