Сенбі күні СҚО аумағында қар жауады деп күтілуде
Алдағы үш тәулікте Петропавлда термометр көрсеткіші -10-12 °C көрсетеді. Синоптиктер көшпелі бұлт шығады, жауын-шашын болмайды деп болжап отыр, деп хабарлайды QZ News тілшісі СҚО «Қазгидромет» РМК сілтеме жасап
28 қарашада облыста ауа температурасы -8-13, облыстың оңтүстігінде -5°С дейін төмендейді, жауын-шашын болмайды. Облыстың батысы мен оңтүстігінде тұман күтіледі. 29 және 30-да термометр -7-12 °C көрсетеді. Сенбі күні облыстың солтүстігі мен батысында аздаған қар жауады.