Петропавловск
+21°C
Главная страница » Агро » 2023 жылы өңір диқандарына қандай көмек көрсетілді

2023 жылы өңір диқандарына қандай көмек көрсетілді

2023 жыл СҚО диқандары үшін сәтсіз болды деуге негіз бар. Бәріне себеп – ауа-райының қолайсыздығы. Құрғақ жаз және жаңбырлы күз ауылшаруашылық тауар өндірушілеріне өздері күткен егінді жинауға мүмкіндік бермеді. Бұл туралы облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында мәлімдеді, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

Облыс әкімі ауа-райының қолайсыздығына байланысты аймақ фермерлеріне қандай көмек көрсетілгенін де айтты.

“Барлық проблемаларға қарамастан, диқандар 3 млн 700 мың тонна астық жинады, орташа өнімділігі – 11,1 г/ц. Әрине, бұл – СҚО тауар өндірушілері үшін орташа көрсеткіш. Майлы дақылдарға келсек, мұнда да жақсы өнім жиналды. Мемлекет тарапынан үлкен көмек көрсетілді. Субсидияларға тоқталсақ, шамамен 61 млрд теңге төленді. Өсімдік шаруашылығы бойынша шамамен – 20 млрд теңге, ал мал шаруашылығы бойынша 11 млрд теңге инвестициялық субсидиялар бөлінді. Біздің тауар өндірушілер жыл сайын 2,5 мыңға жуық техника сатып алатынын атап өттім келеді. Бұл – шамамен 70 млрд теңге. Егер шетелдік өндіріс техникасы сатып алынса, 25% жеңілдік бар. Ал егер отандық өндіріс техникасы сатып алынса, 30% жеңілдік бар. Осылайша, біз тауар өндірушілерді отандық техниканы сатып алуға ынталандырамыз. Ынталандыру инвестициялық субсидияларға байланысты жүзеге асады”, – деді СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов.

Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы министрлігі 19 млрд теңге субсидия көлемінде қосымша көмек көрсетті. 20 мыңға жуық өтінім берілді, 90% астамы қолдау тапты. Бұл – тауар өндірушілерге көмек көрсетудің жақсы көрсеткіші.

“Әрине, көктемгі егіс және егін жинау жұмыстары кезінде берілетін арзандатылған дизель отыны бойынша сұрақтар бар. Бұған дейін айтқанымдай, күз ылғалды болды, жауын-шашын көп болды. Бүгінде Солтүстік Қазақстан облысында 317 астық кептіргіш бар. Мемлекет көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарына арзандатылған отын түрінде көмек бөлді, сондай-ақ біздің тауар өндірушілер астықты кептіру үшін 19 700 тонна көлемінде белгіленген бағамен дизель отынын алды. Осылайша, мемлекет өсірілген астықты сақтауға көмектесті”,- деп қорытындылады аймақ басшысы баспасөз мәслихатында.

Shares