Петропавловск
+21°C
Главная страница » Мәдениет » Теріскейліктер республикалық домбырашылар челленджіне қосылды

Теріскейліктер республикалық домбырашылар челленджіне қосылды

Петропавлда Жаңару күні “Күй күмбірі” атты республикалық домбырашылар челленджі өтті, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

Облыс орталығындағы Оқушылар сарайы базасында өткен шараға 100-ден астам ұл мен қыз қатысты.

“Бұл челлендж екінші жыл қатарынан өткізіліп отыр. Мектептерде балалар домбырада ойнауды үйренетін үйірмелер бар”, – деді облыстық білім басқармасының бас маманы Зәмзагүл Тұрлыбаева.

“Ерке сылқым”, “Балбырауын”, “Адай” – оқушылар белгілі күйлерді орындады. Домбырашылар челленджін барлық мектеп, сондай-ақ Солтүстік Қазақстан облысының қосымша білім беру ұйымдары қолдады.

Shares