Теріскейліктер республикалық домбырашылар челленджіне қосылды
March 19, 2024 20:22

Петропавлда Жаңару күні “Күй күмбірі” атты республикалық домбырашылар челленджі өтті, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.
Облыс орталығындағы Оқушылар сарайы базасында өткен шараға 100-ден астам ұл мен қыз қатысты.
“Бұл челлендж екінші жыл қатарынан өткізіліп отыр. Мектептерде балалар домбырада ойнауды үйренетін үйірмелер бар”, – деді облыстық білім басқармасының бас маманы Зәмзагүл Тұрлыбаева.

“Ерке сылқым”, “Балбырауын”, “Адай” – оқушылар белгілі күйлерді орындады. Домбырашылар челленджін барлық мектеп, сондай-ақ Солтүстік Қазақстан облысының қосымша білім беру ұйымдары қолдады.
