Петропавловск
+21°C
Главная страница » Қазақстан » Қазақстан жолдарындағы апаттық-қауіпті учаскелерде жолды тарылту әдісі енгізілмек

Қазақстан жолдарындағы апаттық-қауіпті учаскелерде жолды тарылту әдісі енгізілмек

Соңғы уақытта жол-көлік оқиғалары жиілеп кеткендіктен, әсіресе тас жолдарда, ІІМ «Қауіпсіз жол» жедел-алдын алу шарасы аясында барлық автожолдарға талдау жүргізіп, ең апатты учаскелерді анықтады. Дәл осы аумақтарда жаңа тәсіл – жолды тарылту әдісі енгізілуде. Бұл туралы Polisia.kz мәлімдеді, деп хабарлайды QZ News.

Бұл әдіс ЭЫДҰ елдері мен АҚШ-та қолданылып келеді. Мақсаты – тексеру емес, алдын алу.

Тарылған жол бөлігінде жүргізуші автоматты түрде жылдамдығын төмендетіп, мұқият бола түседі. Бұл қауіпті аймақтардан өтуді қауіпсіз етеді.

Полиция қызметкерлері жүргізушімен қысқаша профилактикалық әңгіме өткізіп, оның шаршамағанына және жолын жалғастыруға дайын екеніне көз жеткізеді. Сонымен қатар, ІІМ тәртіпті қамтамасыз ету үшін дрондар мен жасырын патрульдерді белсенді қолдануда.

Бұған дейін Қазақстанда кейбір жол ережесін бұзғандарға жазалар күшейтілген болатын. Қатаңдатылған шаралар сағатына 60 шақырымнан астам жылдамдықты арттыруды да қамтиды – енді ол үшін 40 АЕК көлемінде айыппұл салынады.

Shares