Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » 15 АЕК айыппұл: СҚО-да лауазымды тұлға ескертуді елемегені үшін жазаланды

15 АЕК айыппұл: СҚО-да лауазымды тұлға ескертуді елемегені үшін жазаланды

Уәлиханов аудандық сотында Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 462-бабының 3-бөлігіне сәйкес «Мемлекеттік инспекциялар мен мемлекеттік бақылау және қадағалау органдарының лауазымды тұлғаларының қызметтік міндеттерін орындауына кедергі келтіру, қаулыларды, нұсқамаларды және өзге де талаптарды орындамау» бойынша лауазымды тұлғаға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық ісі қаралды, деп хабарлайды QZ News.

Іс материалдарына сәйкес, уәкілетті орган коммуналдық мемлекеттік мекеме лауазымды тұлғасына анықталған 17 заңбұзушылықты жою туралы нұсқама берген. Бұл нұсқада заңбұзушылықтардың сипаттамасы, тәуекел дәрежесіне баға, оларды жою бойынша ұсыныстар мен орындалу мерзімі көрсетілген. Алайда бұл талаптар тиісті деңгейде орындалмаған. Соның негізінде ҚР ӘҚБтК-нің 462-бабы 3-бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылған.

«Сот отырысында лауазымды тұлға әкімшілік құқық бұзушылық жасағанын мойындады. Аудандық соттың қаулысымен ол кінәлі деп танылып, 15 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды. Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ», – деп хабарлайды Уәлиханов аудандық соты.

Shares