Петропавлда сөндірілмеген темекі тұқылы қоқыс пен мамықтың жануына себеп болды
June 10, 2025 11:31

Облыс орталығында Брусиловский көшесінде ашық аумақта қоқыс пен аққайың мамығы жанды. Өрттің шығуына сөндірілмей тасталған темекі тұқылы себеп болған, деп хабарлайды QZ News.
СҚО ТЖД мәліметінше, өрт сөндірушілер оқиға орнына жедел жетіп, жалынды дереу сөндірген. Қалалық төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарға аққайың мамығының тез тұтанатын материал екенін еске салады.

Аққайың мамығы таралатын кезеңде өрт қауіпсіздігі бойынша ұсыныстар:
- Темекі тұқылын, сіріңкені шөпке немесе мамыққа тастамаңыздар.
- Үйлер мен кіреберістердің маңындағы мамықты үнемі тазалап тұрыңыздар.

