Ғауез Нұрмұхамбетов: «Бірлескен жұмысымыз Солтүстік Қазақстан облысының дамуы үшін жемісті болатынына сенімдімін»
Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов өңір тұрғындарына жазба арқылы жүгінді. Өңір басшысы Инстаграм парақшасында үндеу жариялады, деп хабарлайды QZ MEDIA тілшісі.
Ғауез Нұрмұхамбетов атап өткендей, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев оған үлкен сенім білдірді.
“Қолдау танытқан мәслихат депутаттарына алғыс айтамын. Мен бар тәжірибемді, білімім мен күш-жігерімді Президент жүктеген міндеттерді орындауға, облыс экономикасын дамытуға және тұрғындардың әл-ауқатын жақсартуға жұмсайтын боламын. Сіздермен бірлесіп атқарған жұмыстың жемісті болатынына сенімдімін”, – деп жазды Солтүстік Қазақстан облысының әкімі.