Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » Ғауез Нұрмұхамбетов: «Бірлескен жұмысымыз Солтүстік Қазақстан облысының дамуы үшін жемісті болатынына сенімдімін»

Ғауез Нұрмұхамбетов: «Бірлескен жұмысымыз Солтүстік Қазақстан облысының дамуы үшін жемісті болатынына сенімдімін»

September 24, 2023 09:38

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов өңір тұрғындарына жазба арқылы жүгінді. Өңір басшысы Инстаграм парақшасында үндеу жариялады, деп хабарлайды QZ MEDIA тілшісі.

Ғауез Нұрмұхамбетов атап өткендей, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев оған үлкен сенім білдірді.

“Қолдау танытқан мәслихат депутаттарына алғыс айтамын. Мен бар тәжірибемді, білімім мен күш-жігерімді Президент жүктеген міндеттерді орындауға, облыс экономикасын дамытуға және тұрғындардың әл-ауқатын жақсартуға жұмсайтын боламын.  Сіздермен бірлесіп атқарған жұмыстың жемісті болатынына сенімдімін”, – деп жазды Солтүстік Қазақстан облысының әкімі.

 

Shares