«Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында М.Жұмабаев ауданында 2800 ағаш көшеті отырғызылды
«Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасын жүзеге асыру аясында жыл бойына М.Жұмабаев ауданының барлық елді мекендерінде барлық кәсіпорындардың, жастардың, белсенділердің, еріктілердің қатысуымен таза бейсенбіліктер, сенбіліктер, түрлі іс-шаралар ұйымдастырылды, деп хабарлайды QZ News тілшісі
«Ауданның елді мекендерін абаттандыру бойынша іс-шараларды өткізуге бюджеттік және демеушілер есебінен 500 млн теңгеден астам қаражат бөлінді. Іс-шаралар барысында 30 мыңнан астам гүл отырғызылды, ескерткіштер мен обелисктер талапқа сай етілді, балалар ойын және спорт алаңдары орнатылды, 2800 ағаш көшеттері отырғызылды», – деді брифинг барысында аудан әкімі Рахат Смағұлов.