Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында М.Жұмабаев ауданында 2800 ағаш көшеті отырғызылды

«Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында М.Жұмабаев ауданында 2800 ағаш көшеті отырғызылды

November 29, 2024 12:59

«Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасын жүзеге асыру аясында жыл бойына М.Жұмабаев ауданының барлық елді мекендерінде барлық кәсіпорындардың, жастардың, белсенділердің, еріктілердің қатысуымен таза бейсенбіліктер, сенбіліктер, түрлі іс-шаралар ұйымдастырылды, деп хабарлайды QZ News тілшісі

«Ауданның елді мекендерін абаттандыру бойынша іс-шараларды өткізуге бюджеттік және демеушілер есебінен 500 млн теңгеден астам қаражат бөлінді. Іс-шаралар барысында 30 мыңнан астам гүл отырғызылды, ескерткіштер мен обелисктер талапқа сай етілді, балалар ойын және спорт алаңдары орнатылды, 2800 ағаш көшеттері отырғызылды», – деді брифинг барысында аудан әкімі Рахат Смағұлов.

 

Shares