Тайыншалықтар жаңа көпқабатты үйге қоныстанды
Тайынша қаласында жаңадан бой көтерген бес қабатты тұрғын үйде жаңа пәтерлердің кілттері табыс етілді. Салтанатты іс-шараға аудан әкімі Берік Әлжанов қатысып, жаңа қоныстанушыларды құттықтады, деп хабарлайды QZ News тілшісі.
«Бүгін біз өмір сүруге және дамуға ыңғайлы болатын жаңа, заманауи үйдің есігін ашып отырмыз. Бұл үй сізге нағыз жайлылық пен тірек болсын. Бұл ауданның инфрақұрылымын дамытудағы маңызды қадам және тұрғындарды жайлы баспанамен қамтамасыз ету болып табылады. Бұл ғимараттағы пәтерлер «Отбасы банкі» арқылы сатып алынды, ол азаматтарды қолжетімді баспанамен қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарып келеді. Несие беру жүйесі мен қолжетімді шарттар көптеген отбасылар үшін баспана сатып алуды шындыққа айналдырды», – деді Берік Әлжанов құттықтау сөзінде.
Тұрғын үй жағдайын жақсарту және жайлы қалалық ортаны құру бағдарламасы аясында бес қабатты жаңа тұрғын үй салынды. Мердігер құрылыстың жоғары сапасын қамтамасыз етіп, мерзімінде сәтті аяқтаған «ЗЕРТТЕЙ» құрылыс компаниясы болды. Компания заманауи құрылыс технологиялары мен материалдарын қолданды, бұл барлық қауіпсіздік пен жайлылық талаптарына жауап беретін тұрғын үй кеңістігін құруға мүмкіндік берді.