Азия чемпионатының алтын жүлдегері Әсем Назырова елге оралды
20-26 желтоқсан аралығында Тайландта спорттық бағдарлаудан Азия чемпионаты өтті. Байрақты бәсекеге 29 жастағы солтүстікқазақстандық Әсем Назырова Қазақстан құрамасы сапында қатысты. Спортшы орта қашықтықтағы чемпионатта алтын медаль жеңіп алды. Бүгін ол туған еліне оралды, деп хабарлайды QZ News тілшісі.
«Осыдан тура 10 жыл бұрын Әсем жасөспірімдер арасында Азия чемпионы атанды, сонда ол өзінің талантын көрсетті. Үш күн бұрын ол әйелдер арасында Азия чемпионы атанды. Чемпионаттың қашықтығы қиын болды, Таиланд жері бойынша 14 бақылау нүктесі бар қашықтықты еңсеру керек болды. Жарысқа Қытай, Корея, Сингаруга, Жапония, Филиппин, Малайзия елдерінен спортшылар келді. Чемпионатта Азияның ең мықты спортшылары болды», – деді Солтүстік Қазақстан облысының спорттық бағдарлау бойынша аға жаттықтырушысы Юрий Чуприков. Чемпионатта Азияның ең мықты спортшылары болды», – деді Солтүстік Қазақстан облысының спорттық бағдарлау бойынша аға жаттықтырушысы Юрий Чуприков.
«Мені өте керемет қарасалып жатыр. Өте ризамын. Чемпионатта жерлестерімнің қолдауын сезіндім, бұл маған көмектесті. Мен алтын медальға өте қуаныштымын, мен жақсы бастамаға қол жеткіздім. Бірінші күні спринтте жүгірдік, онда мен 11-ші орын алдым. Мен орта қашықтықта барымды салдым. Жарыс классикалық эстафетамен аяқталды, онда Гонконг командасына аздап ұтылып қалдық, соған қарамастан ел қоржынына күміс медаль салғанымызға қуаныштымыз», – деді Азия чемпионатының бағдарлау бойынша бірнеше дүркін жеңімпаз және жүлдегер Әсем Назырова.
30 күннен кейін Әсем Назырова Алматыда өтетін спорттық бағдарлаудан Қазақстан Республикасының кубогына аттанады, ал кейін ол Қазақстан Республикасының чемпионатына қатысады. Ол үшін Алтайға барады.