18 жастағы футболшы есірткі жасырғаны үшін 15 жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін
СҚО ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Петропавлда синтетикалық есірткі өткізді деген күдікпен жас жігітті ұстады, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.
Футболқұмар 18 жастағы жігіт оқуын тастап кеткен, ал тамыз айының соңында Я.Гашек көшесінің бойында оны полицейлер ұстады. Одан ішінде кристалл тәрізді көгілдір түсті заты бар 19 zip-lock пакеті салынған екі түйіншек және сарғыш түсті дәл осындай зат салынған 10 пакет тәркіленді. Сондай-ақ, тәркіленген заттар арасында тағы 2 zip-lock пен 3 түтік бар. Бұларды есірткіні қабылдағанда қолданады. Сараптамаға сәйкес, тәркіленген заттың жалпы салмағы 25,15 грамды құраған α-PvP психобелсенді есірткісі болып табылады. Бұл аса ірі мөлшерге жатады. Бұл әрекеті үшін жас 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
«Жас жігіттің айтуынша, есірткі сатумен айналысатын интернет-дүкенде 3 ай жұмыс істеген. СҚО-да есірткі жасырушылар орташа есеппен 2-3 ай ғана жұмыс істеп үлгереді. Кейін полицияның қолына түседі. Ал есірткі сатушылар оңай ақша тапқысы келіп жүрген немесе бір ғана доза үшін жұмыс істеуге дайын келесі адамды қашықтықтан отырып іздей бастайды»,-дейді – дейді СҚО ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Руслан Сапаров.
СҚО полицейлері 9 айдың ішінде есірткі өткізді деген күдікпен 102 адамды қылмыстық жауапкершілікке тартты, олардың 48-і – 17 мен 25 жас аралығындағылар. Тәртіп сақшылары есірткі қылмысы үшін көзделген жауапкершілік туралы жастарға түсіндіріп, алдын алу жұмыстарын жүргізіп тұрады. Жыл басынан заңсыз айналымнан 730 келіден астам есірткі тәркіленді, оның 2 келі 287 грамы – синтетикалық есірткілер.