2024 жылға жоспар: «Петропавл жылу желілері» ЖШС келер жылы қандай жөндеу жұмыстарын жүргізеді?
2023 жылы «Петропавл жылу желілері» ЖШС ұзындығы 1,021 шақырым болатын №3 жылу магистралінің құбыр учаскесін қайта қалпына келтірді. 2024 жылға дейін жүзеге асырылатын үлкен жоба кезең-кезеңімен дайындалды, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.
Басты мақсат – жылу берудегі тоқтатулардың санын азайту. Мердігер 1,5 шақырым құбырды ауыстыруы керек.
«Тарифті инвестицияға айырбастау» бағдарламасының арқасында жылу қызметкерлері №1 сорғы станциясына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізеді. Қыркүйек айында станцияда жоғары вольтты қондырғыларды орнату жұмыстары аяқталды, 2024 жылы 4 желілік сорғыны ауыстыру жоспарлып отыр.
«Жалпы, ағымдағы жылдың 9 айында Петропавл қаласында 3 641 метр желілік құбыр ауыстырылды. Жылу магистралінің осал тұстарын жыл сайынғы сынақтар, сондай-ақ өткен қыс көрсетті», – деп толықтырды компания.
Мамандар барлық шараларды жүзеге асырған кезде қаланы жылумен қамту жүйесі жақсаратындығын, бұл әсіресе суық мезгілде маңызды екенін атап өтті.
«Алайда, тұтынушылардың пәтерлеріндегі температура үйдің жылыту маусымына дайындығына да байланысты екенін естен шығармауымыз керек, сондықтан жылжымайтын мүлік иелері жылумен жабдықтау құрылғыларының жұмысын мұқият қадағалап, ғимараттарды мүмкіндігінше жылыту қажет. Қаһарлы солтүстіктің қысы қателіктерді кешірмейді. Қалалық жылу желілері кәсіпорны мен тұрғын үй қорының иелерінің келісілген жұмысының арқасында еш қиындық туындамауы керек», – деп атап өтті «Севказэнерго» АҚ.