25 қазанда ХҚО-лар мен мамандандырылған ХҚО-лар жұмыс істемейді.
Республика күнін мерекелеуге байланысты халыққа қызмет көрсету орталықтары мен мамандандырылған орталықтар сәрсенбі күні азаматтарды қабылдамайды, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.
Халыққа қызмет көрсету орталықтары мен мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтары 26 қазанда өз жұмыстарын қайта бастайтын болады.
“Естеріңізге сала кетсек, орталықтар әдеттегі кесте бойынша жұмыс күндері сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін азаматтарды қабылдайды. Кезекші орталықтар жұмыс күндері сағат 20:00-ге дейін, сенбі күндері 13:00-ге дейін жұмыс істейді”, – делінген арнайы хабарламада.