Әділхан Сағындықов СҚО дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының міндетін атқарушы болып тағайындалды
СҚО әкімінің өкімімен Әділхан Сырлыбайұлы Сағындықов СҚО әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының міндетін атқарушы болып тағайындалды, деп хабарлайды QZ News.
Әділхан Сырлыбайұлы Шымкент қаласының тумасы. М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін және Қазақ гуманитарлық-заң университетін экономика және менеджмент, құқықтану мамандықтары бойынша бітірген.
Әр жылдары Штаттық ұлттық спорт резерві командалары дирекциясының таеквондодан мемлекеттік жаттықтырушысы, Астана қаласы туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары және елордалық олимпиадалық резервті даярлау орталығының басшысы қызметін атқарды.
Осы тағайындауға дейін Қазақстан таеквондо Федерациясының Бас хатшысы қызметін атқарды.