2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасында жалпыұлттық аза тұту күні

Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Әділхан Сағындықов СҚО дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының міндетін атқарушы болып тағайындалды

Әділхан Сағындықов СҚО дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының міндетін атқарушы болып тағайындалды

March 11, 2025 10:14

СҚО әкімінің өкімімен Әділхан Сырлыбайұлы Сағындықов СҚО әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының міндетін атқарушы болып тағайындалды, деп хабарлайды QZ News.

Әділхан Сырлыбайұлы Шымкент қаласының тумасы.  М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін және Қазақ гуманитарлық-заң университетін экономика және менеджмент, құқықтану мамандықтары бойынша бітірген. 

Әр жылдары Штаттық ұлттық спорт резерві командалары дирекциясының таеквондодан мемлекеттік жаттықтырушысы, Астана қаласы туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары және елордалық олимпиадалық резервті даярлау орталығының басшысы қызметін атқарды.

Осы тағайындауға дейін Қазақстан таеквондо Федерациясының Бас хатшысы қызметін атқарды.

Shares