Айыртау ауданында көрсетілім негіздегі сот отырысы өтті
ҚР ҚК 106-бабының 1-тармағы бойынша 4 жылға бас бостандығы шектелген тұлғаға қатысты көрсетілім ретіндегі сот отырысы өтті. Онда Айыртау аудандық пробация бөлімінің жазаны ауыстыру туралы ұсынысы қарастырылды, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.
2023 жылғы қыркүйекте Айыртау ауданы сотының қаулысымен бірнеше рет жазаның өтелу тәртібін бұзған сотталғанның жазасы өзгерді. Сот жазаның өтелмеген 3 жыл 9 ай 12 күнін бас бостандығын айыру түріндегі жазаға ауыстырды.
«Көрсетілім отырыстың өткізілуі есептегі тұлғалардың арасында қылмыс рецидивінің алдын алуға бағытталған. Сот отырысына бұрын бас бостандығын айыру мекемелерінде жазасын өтеген 15 сотталушы қатысты. Олар сотталушының іс-әрекетінен дұрыс шешім шығарды деп ойлаймыз. Және сол сияқты бұзушылыққа жол бермейді деп күтіледі», – деп толықтырды Айыртау аудандық прокуратурасы.