Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » «Ауладан адам шошиды»: Петропавл тұрғындары балалар алаңын су басқанына наразы.

«Ауладан адам шошиды»: Петропавл тұрғындары балалар алаңын су басқанына наразы.

Шухов көшесі, 32а үйінің ауласында жағымсыз көрініс. Үшінші күні жұмысшылар ойын алаңында жүр. Тұрғындар әлеуметтік желіде атап өткендей, 10 қазан күні сағат 22.00 шамасында құбыр жарылып, таңертең үйдің ауласын су басқан, деп хабарлайды Qz Media тілшісі.

«Кеше түскі уақытта келіп, арық қазып, люкті ашық қалдырдық. Арық арқылы түні бойы үйіміздің іргесіндегі шұңқырға су ағып жатты. Бүгін таңертең ауланы тағы да су басып, жертөле су астында қалды. Бригада келіп, су сөндірілді. Сағат 18:00-ге дейін береміз деп уәде еткен көрінеді. Бірақ,  негізгі мәселе – осының бәрін кім қалпына келтіреді??? Үйдің маңы қазылды, ойын алаңын былғады, енді жертөледе дымқыл болады», – деп ашуланады үй тұрғындары.

Қала әкімдігі жағдайға қатысты түсініктеме берді.

«Бұл учаскеде 144 пәтерлік тұрғын үйдің құрылысы жүріп жатыр. «Основание» ЖШС құрылыс жұмыстары кезінде су құбырын зақымдаған. Қазіргі уақытта «Қызылжар су» ЖШС бүлінген жерді жөндеп, су берді. «Основание» ЖШС қалпына келтіру жұмыстарын осы аптаның соңына дейін жүргізеді», – деп жауап берді Петропавл әкімдігі.

 

 

 

 

 

Shares