Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Егеменді Қазақстан тарихы: С.Мұқанов атындағы кітапханада Республика күніне арналған көрме қанат жайды

Егеменді Қазақстан тарихы: С.Мұқанов атындағы кітапханада Республика күніне арналған көрме қанат жайды

С.Мұқанов атындағы облыстық кітапханада «Қыран елім – Қазақстан» атты кітап көрмесі ашылды. Ол Республика күніне арналды, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

Көрме бес бөлімнен тұрады. Бірі мемлекеттің жаңа тарихына арналған. Мұнда негізгі заңның 25 жылдығына арналған Конституцияның көркемделген басылымы және үш тілде «Қазақстан Тәуелсіздігі: бейбітшілік, келісім және жасампаздықтың 30 жылы» атты кітаптар қойылған.

«Көрменің мақсаты – егеменді Қазақстанның тәуелсіздік алғаннан кейінгі қалыптасу тарихымен танысу. Бұл кітаптар еліміздің әлеуметтік және рухани өміріндегі оң өзгерістерді насихаттауда зор рөл атқарады деп сенеміз», – дейді ұйымдастырушылар.

Кез келген адам еліміздің өткенімен, жарқын сәттерімен таныса алады. Көрме бір жылға созылады.

Shares